Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.С.Пушкин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-43-38
вахта:
+7(72338) 2-43-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2023

Біртұтас тәрбие

                                                                      Бекітемін:

                                                                                     Мектеп директоры:

А.К.Сагиева____________



Ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша жылдық жоспар

2023-2024 оқу жылы


Мақсаты:балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.

 Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:

  1. балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру; 
  2. балаларды тәрбиелеу мен дамытуда білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
  3. балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Тақырыбы

Мазмұны

Мерзімі

Өткізу форматы

1-4 сынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасы

1.

Отбасы – бақыт бесігі

Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас

Қазан

Ақпараттық видео

2.

Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?

Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістері

Қараша

Ата-аналар жиналысы

3.

Әрбір бала – жарық жұлдыз

Баланың ерік-жігері мен мінезін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу

Желтоқсан

БАҚ жариялау

4. 

Баланы жастан...

Балалар мен ата-аналарға арналған ұлттық және отбасылық интеллектуалдық ойындар.

Қаңтар

Ата-аналар жиналысы

5. 

Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады?

Компьютерлік ойындарға балама ретінде: спорт, белсенді ойындар, шығармашылық, оқу, серуендеу, театр және т. б.

Ақпан

Салауатты белсенділік айлығы

6.

Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер

  1. Балаға жақсы әдеттерді үйрету.
  2. Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі.

Наурыз

Тренинг

7.

Сенім арту - жетістік кепілі. Қиын жағдайда баланы қалай қолдау керек?

Жағдайды шешуде баланың күшті 

жақтарына сүйену

Сәуір

Ата-аналар жиналысы

8.

Тәлімменен өрілген біздің дәстүр

Ұлттық дәстүрлер мен отбасылық дәстүрлердің сабақтастығы

Мамыр

Дөңгелек үстел


5-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1.

Позитивті тәрбие

Позитивті ата-ананың ерекшеліктері: жағымсыз көңіл-күйден жағымды эмоциялардың басым болуы; жасөспірімнің бойындағы ізгі қасиеттерге назар аудару, күшті және жағымды мінез-құлық қасиеттерін дамыту

Қазан

Әлеуметтік желілерге жариялау

2.

Ақыл айтпа, жол көрсет

«Оқырман отбасы»

Өзіңді өзің сыйламасан, өзгеден сый дәметпе. Бейімделу процесіне жасөспірімнің өзін-өзі бағалауының әсері

Қараша

Ата-ана оқулары

Ата-ана жиналысы

3.

Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер

Жасөспіріммен қалай қарым-қатынас жасау керек, конструктивті келіссөздер

Желтоқсан

Дөңгелек үстел

4.

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Қазіргі отбасында балалар шығармашылығын дамытудағы ұлттық ойындардың маңызы

Қаңтар

Ата-ана жиналысы

5.

Жасөспірімнің желідегі әрекеті

Ата-ананың жасөспірімді кибербуллингтен және интернет кеңістігіндегі қауіпті көздерден қорғау алгоритмі

Ақпан

Ақпараттық стенді жасау

6.

«Әр нәрсенің өлшемі бар...»

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Наурыз

Арнайы мамандармен кездесу

7.

Жасөспірім мінезінің ерекшеліктері

Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстар. Қорқыту. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы

Сәуір

Ата-ана жиналысы

8.

Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына

Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиеті - отбасының құндылығы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді талқылау және қолдану

Мамыр

Ата-аналар мен балалардың қатысуымен мәдени іс-шара


10-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1.

Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу...

Позитивті ата-ана тәрбиесі – жоғары сынып оқушысының өз болашағын өз бетінше құруға қалауы мен қабілетін қолдау

Қазан

БАҚ жариялау

2.

Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?

Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады. Балаңызға мамандық пен кәсіп түрлерін таңдауда қалай көмектесуге болады

Қараша

Ата-ана жиналысы

3.

Көркем мінез – баға жетпес байлық

Өсіп келе жатқан балалармен қарым-қатынас мәдениеті

Желтоқсан

Бейне жазба

4.

Жоғары сынып оқушыларының дамуындағы тәуекел аймақтары

Сынықтан өзгенің бәрі жұғады. Тәуелділіктің алдын алу шаралары

Қаңтар

Ата-ана жиналысы

5.

Әлеуметтік желілер және ғаламтор кеңістігі: жоғары сынып оқушылырының қауіпсіздігі

Жоғарғы сынып оқушыларының ойынға тәуелділігін диагностикалау

Ақпан

Сауалнама

6.

Күйзелісті жеңуге көмектесеміз

Агрессия, депрессия, суицидтік мінез-құлық және стресстің басқа да экстремалды көріністері

Наурыз

Тренинг

7.

Сүйіспеншілік – сыйластық кілті

Жоғары сынып оқушысымен «арнайы» тақырыптарда қалай сөйлесуге болады

Сәуір

Ата-ана жиналысы

8.

Ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық дәстүрлер мен құндылықтары

Қазіргі құбылмалы қоғамда отбасылық дәстүрлерді сақтау

Мамыр

Танымдық сабақ

9.

Мониторинг жүргізу

Ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа мониторинг жүргізу

Маусым

Анықтама









Директордың тәрбие орынбасарының м.а: А.М.Мукажанова