Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.С.Пушкин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-43-38
вахта:
+7(72338) 2-43-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ноябрь
2023

Футбол алаңының ашылуы.



Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің « А.С.Пушкин атындағы орта мектебі КММ. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: Денсаулық кепілі – дене шынықтыру. «Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет» деп халықтың дене шынықтыру және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту қажеттігіне аса көңіл аударғаны белгілі.
06.11.2023 жылы «Өскемен титан-магний комбинаты» Акционерлік қоғамының президенті, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Асем Тілековна Мамутова ханымның қолдауымен мектебімізде футбол алаңы ашылды. Футбол алаңының ашылуы мектептің, бүкіл ауылдың қуанышы. Футбол алаңының мердігерлік құрылыс жұмыстарын «Eurasian Constriction and Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Нариман Дуйсенбекович Укубасов жүргізді. «Өскемен титан - магний комбинаты" акционерлік қоғамының қоғамдық қабылдау басшысы Бұлбұл Рамазановна мектеппен, жергілікті әкімдікпен тікелей байланыста болып, футбол алаңының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, шағын футбол алаңының сертификатын табыс етті. Футбол алаңының ашылу салтанатына Ұлан ауданы мәслихатының төрайымы Г.Н. Калиева, Ұлан ауданы білім бөлімінің басшысы Р.Е. Джаманбаев, Ұлан ауданы мәслихатының аппарат басшысы Р.Қизатов, «Аблакет» ауылдық округінің әкімі А.О. Агланбеков, «Аблакет» ауылдық округі ардагерлерінің бастауыш ұйымы төрағасы Оразаев Әлімхан ата, «М.В. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры, аудандық мәслихат депутаты Е.М. Абраимова, «Ғадас Салықов атындағы негізгі мектеп» КММ-нің директоры А.А. Ауганбаев қатысты. Ауылдың ақсақалы бата беріп, әжелеріміз шашу шашты. Өз кезегінде білім бөлімінің басшысы Р.Е. Джаманбаев көрсетілген көмек үшін А.Т. Мамутоваға облыстық білім басқармасының басшысы И.А. Чернышёваның алғыс хатын табыс етті.
АҚ "ӨТМК" Президенті А. Т. Мамутоваға ата-аналар атынан, мектеп ұжымы мен оқушылар атынан ыстық ықыласымызды білдіреміз.
 
[media=https://www.instagram.com/reel/CzTu6anqS_4/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==]